Ссылки доступа

Қырғызстанда жыл соңына дейін 112 әлеуметтік нысан салынып бітуі тиіс


Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов мектеп, аурухана, жолдардың құрылысы мен ауыз су құбырларын жүргізуге байланысты жиналыс өткізген. Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ондағы келтірілген мәлімет бойынша, 2020 жылдың соңына дейін 112 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталуы тиіс. Оның 70-і білім беру мекемесі болса, 17-сі аурухана құрылысы.

Жоспарға сәйкес, 1 қыркүйекке дейін 11 мектептің құрылысы аяқталуы тиіс болған.

Үкімет мәліметінше, биыл 79 елді мекенге ауыз су құбыры жүргізіліп, іске қосылады.

Көлік министрлігі 2020 жылдың соңына дейін, стратегиялық маңызы бар 92 шақырым жол құрылысы аяқталып, аудан орталықтарындағы 152 шақырым жол жөнделеді деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG