Ссылки доступа

Өзбекстанда жас отбасыларға несие беру шарттары өзгерді


27 тамызда Өзбекстанның министрлер кабинеті "Елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жатқан жас отбасыларды үймен қамтамасыз етуді жеңілдету шаралары туралы" қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес, жастар баспаналы болу үшін 20 жылға несие беріледі. Осыған дейін несиені өтеу мерзімі 15 жыл болған.

Бұдан бөлек неисенің сыйақы мөлшері алғашқы бес жылда 7 процентті құрайды. Бес жылдан кейін процент деңгейі Орталық банк белгілеген қайта қаржыландыру мөлшеріне дейін өседі.

Үкімет шешімінде 2018-2020 жылдары елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жатқан жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2116 үй құрылысы жоспарланғаны жазылған. Бүгінгі күнге дейін 350 үй пайдалануға берілген.

XS
SM
MD
LG