Ссылки доступа

Түркіменстанда медициналық маска тақпағандарды мақта теруге жібереді


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Түркіменстанның Мары уәлаятында медициналық маска тақпағаны үшін салынған айыппұлды төлей алмағандарды мақта теруге жіберіп жатыр.

"Бүгін (30 тамыз) Байрамали қаласының шамамен 30 тұрғыны Қарақұм этрапына мақта алқабына жіберілді" деп хабарлады Азатлык радиосының тілшісі.

Оның айтуынша, бұл тұрғындарды жергілікті полиция медициналық маска тағып жүру тәртібін бұзғаны үшін ұстаған. Айыппұл төлей алмағандар бір күнде 20 келі мақта жинауы керек.

Тілші мәліметіне қарағанда, жергілікті билік мұндай шешімді 29 тамызда қабылдаған. Алғашқы топ мақта алғабына 30 тамызда жөнелтілді.

Еске салайық, өткен аптада Азатлык радиосының Түркіменстандағы тілшісі елде маска тағу тәртібін тексеру күшейгенін хабарлаған. Тәртіп бұзғандар полиция бөліміне түседі. Оларға 60 манат ($17 доллар) айыппұл салынады.

Түркіменстан билігі елде коронавирус жоқ деуден танбай отыр.

Елде мақта жинау науқаны басталды. Оған бюджет қызметкерлері тартылған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстан билігін мақта шаруашылығында мәжбүрлі еңбек пайдаланғаны үшін сынаған.

XS
SM
MD
LG