Ссылки доступа

Душанбеде 14 жастағы қызды зорлаған жігіт үш жылға сотталды


Суд столичного района Шохмансур
Суд столичного района Шохмансур

Тәжікстан астанасы Шохмансур ауданының соты 25 жастағы Ф.К. есімді азаматты 14 жастағы қызды зорлағаны үшін үш жылға соттады.

Жәбірленушінің туыстары сот үкіміне көңілі толмайтынын мәлімдеді.

Озоди радиосының соттағы дереккөзінің хабарлауынша, тамыздың басында шығарылған сот үкімі күшіне енген.

14 жастағы қыздың анасының айтуынша, зорлық оқиғасы астанадағы жатақханалардың бірінде болған. Оның М.Х. есімді қызы сол күні үйде жалғыз болған. Үйде ешкім жоғын білген жігіт арам ойын жүзеге асырған.

Жәбірленушінің анасы Душанбе басшылығына Бас прокуратураға арызданды.

Тәжікстанда кәмелет жасқа толмағандарға зорлық көрсету қылмысы үшін екі жылдан 20 жылға дейін жаза қарастырылған.

XS
SM
MD
LG