Ссылки доступа

Бішкекте "Таза шайлоо учун" ("Әділ сайлау үшін") акциясы өтеді


1 қыркүйекте "Баштан башта" ("Басынан баста" қозғалысы Бішкектегі Жоғарғы сот ғимараты алдында "Таза шайлоо учун" ("Әділ сайлау үшін") акциясын ұйымдастырады.

Қозғалыс жетекшісі Улан Усойунның "Азаттыкқа" хабарлауынша, акцияға қатыушылар биліктен әділ сайлау өткізуді талап етеді.

29 тамызда "Таза шайлоо учун" коалициясы құрылды. Оған белсенділер, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар кірді.

Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау биыл 4 қазанда өтеді. 4 қыркүйекте елде үгіт-насихат жүргізу науқаны басталады. 20-дан астам партия съезд өткізіп, құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізген.

XS
SM
MD
LG