Ссылки доступа

Қазақстан мектеп формасынан бас тарқан соң тігін фабрикалары табыссыз қалды


В Казахстане отменили школьную форму – швейные компании несут убытки
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:17 0:00

В Казахстане отменили школьную форму: швейные компании несут убытки

Қазақстанда коронавирус эпидемиясына байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқу форматымен басталады. Қашықтан оқу қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз, бірақ оқушылар бірінші тоқсанда мектепке бармайды.

Соған байланысты білім министрі карантин кезінде мектеп формасын кию тәртібі тоқтағанын хабарлады. Оқушылар мен олардың ата-аналары мұндай жаңалыққа қуанды, ал тігін фабрикалары болса шығынға батқанын мәлімдеп үлгерді.

"Бірінші тоқсаннан кейін мектептер ашылғанның өзінде ешкім оқушылардан мектеп формасын талап етпейді", - деп мәлімдеді білім министрі Асхат Аймағамбетов.

Министрдің бұл сөзінен соң ата-аналар оқушы формасын сатып алмаған.

"Біз мектепке бармаймыз. Мұғалімдермен келістік. Кеңсе тауарлары мен кітап қана сатып аламыз", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бір тұрғыны.

Ал отандық тігін фабрикалары болса қомақты табыстан қағылып отыр.

"Өткен жылмен салыстырсақ, сауда бес пайыз ғана болып тұр. Өнімнің 95 пайызы қоймаларда жатыр. Айлықты уақытылы төлеу керек, бірақ сауда жоқ. Ақшаны қайдан аламыз? Бұл сауалға жауап жоқ", - дейді Angelcher тігін компаниясының бас бухгалтері Ольга Мартынюк.

Оның "Казлегпром Алматы" компаниясындағы әріптесінің айтуынша, биыл мектеп формасы сатылмаған, компания шамамен 300 мың доллар табыстан айрылған. Енді мұнда мектеп формасын емес, арнайы жұмыс киімін тігетін болған.

XS
SM
MD
LG