Ссылки доступа

Жанжал болған Сох ауылының тұрғыны ұлының басына қарап қап кигізіп ұстап әкеткенін айтады


Өзбекстанның Ферғана облысы Сох ауданы тұрғыны күш құрылымдары ұлының басына қара қап кигізіп ұстап әкеткенін айтады.

"Мен сол күні жұмыста болған едім. Кешке үйге келсем, ұлым жоқ. Кейін билік өкілдері ұлымды қамауға алғанын мәлімдеді. Ұстағанын көргендер "оның басына қара қап кигізіп, тікұшақпен алып кетті" деді.

Сох тұрғындарының бәрі қазір осы туралы айтады", - дейді 55 жастағы Муллхусейн Ахроров. Оның 25 жастағы ұлы Фирдавс Ахроров құрылысшы болып жұмыс істейді екен. Әкесінің айтуынша, отбасының жалғыз асыраушысы.

25 тамызда Өзбекстанның бас прокуратурасы Сох ауданының алты тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді. Бірақ әзірге олардың аты-жөнін айтпады.

Биыл 31 мамырда Қырғызстан мен Өзбекстан шектесетін Сох елді мекенінде тұрғындар арасында жанжал болған. "Чашма" ("Чечме") бұлағын тазалау кезінде екі тараптың тұрғындары өзара келіспей қалған.

XS
SM
MD
LG