Ссылки доступа

Белсенділер Жоғарғы соттың "Қырғызстан" партиясына қатысты шешіміне наразылық білдірді


Жоғарғы соттың "Қырғызстан" партиясына қатысты шешіміне наразы белсенділер 1 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы алдында марш өткізді.

Азаматтар Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) шешімін қолдайтынын айтып, "Қырғызстан" партиясын сайлаудан шеттету қажеттігін мәлімдеді.

Жоғарғы сот алқасы 1 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының кассациялық шағымын қараған. Сот Бішкек әкімшілік сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

27 тамызда Бішкек әкімшілік соты ОСК шешіміне қарсы "Қырғызстан" партиясының шағымын қараған. Судья Чолпон Досмамбетова ОСК-ның партия құжаттарын кері қайтаруы заңсыз деп танып, комиссия оны қабылдау қажет деген шешім шығарған. ОСК бұл шешіммен келіспей, кері шағым берген.

24 тамызда ОСК партияларды сайлауға тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тоқтатқан. Комиссия мәліметінше, дедлайнға сәйкес, 17 партия құжат тапсырған. Бірақ 25 тамызда ОСК "Қырғызстан" партиясы ережені бұзды деген негізбен, құжаттарын кері қайтарған.

XS
SM
MD
LG