Ссылки доступа

БҰҰ Беларусьта ұсталғандардың азапталғаны жайында жеткілікті дәйек бар деді


БҰҰ эксперттері Беларусьта президент сайлауының нәтижесімен келіспей, наразылық білдірген адамдардың ұсталып, азапталғаны жайында 450-ге жуық дәлел келтіретін құжат бар екенін мәлімдеді.

Бұл жөнінде 1 қыркүйекте БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының сайтында жарияланған.

БҰҰ эксперттері әйелдер мен балаларды қорлап, зорлап, резіңке шоқпармен ұрып-cоққаны туралы мәлімет барын айтады.

Сонымен бірге ұсталған алты адамның тағдыры белгісіз дейді.

БҰҰ Беларусь билігін азаптауды тоқтатып, халыққа күш көрсеткен милиция қызметкерлерін жауапқа тартуға шақырған. "Азаптаудан азат ету – адам құқықтарының ең маңызды құқығы" деп атап өтеді БҰҰ.

Беларусьта президент сайлауының нәтижесіне қарсы акция​ кезінде милиция өкілдері оларға күш қолданып, жаппай ұстаған. 9-11 тамыз аралығында 7 мыңға жуық адам ұсталып, жүздеген адам зардап шеккен. Абақтыдан шыққандардың дені азапталғанын айтты.

XS
SM
MD
LG