Ссылки доступа

"Сомон Эйр" ұшағы 15 қыркүйекке дейін Ресейге 52 рет ұшпақ


"Сомон Эйр" әуе компаниясы 1-15 қыркүйек аралығында Ресейден Тәжікстанға 52 қосымша рейс жасайды. Бұл жөнінде Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Чартерлік рейстер Мәскеу, Екатеринбург, Қазан, Санкт-Петербург, Краснодар, Новосібір, Иркутск, Сочиде тұрып жатқан тәжік азаматтарын Душанбеге қайтарады.

Тәжікстан коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айынан бері халықаралық әуе байланыстарын тоқтатқан.

Ресейде тұрып жатқан тәжік мигранттары карантинге байланысты жұмыстарынан айырылып, қиын жағдайға түсті. Мыңдаған адам отанына оралуды күтіп жүр.

Екі ел арасында тұрақты әуе қатынасы қашан қалпына келетіні әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG