Трамп Висконсин штатына жүрер алдында, журналистерге Ұлттық гвардияның және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне "жақсы атқарған жұмысы үшін рақмет айтамын" деп мәлімдеген болатын.
Бірақ ол зардап шеккен Джейкоб Блейктің отбасымен кездеседі ме, жоқ па, әзірге білмейтінін жеткізген.
23 тамызда афроамерикалық полиция өкілінің қолынан оқ жарақатын алған. Туыстарының айтуынша, алған жарақатынан 29 жастағы Блейктің денесінің төменгі жағы жансызданып қалған.
Бұл өңірде қарсылық білдірушілер ғимараттар мен көліктерді өртеп, наразылық шарасы күшейгеннен кейін Висконсин губернаторы Тони Эверс Ұлттық гвардиядан көмек сұраған. Ол 30 тамызда Ақ үйге Трамптың сапарына байланысты хат жолдап, бұл сапардың қауіпті екенін жеткізген.
Трамп екінші рет президент сайлауына түсіп жатыр. Ол Висконсин штатына барып, заң мен тәртіпке байланысты сайлауалды бағдарламасын баяндамақ болған.
Республикашылдар партиясының Ұлттық съезінде демократтар атынан президенттікке үміткер Джо Байден көшедегі хаосты тек үдете түседі деп мәлімдеген.
Таяуда Пенсильваниядағы шаралардың бірінде сөз сөйлеген Байден Трампты "әлсіз әрі улы лидер" деп атаған.
Висконсинды алдағы сайлауда шешуші рөл атқаратын штат болуы мүмкін деп атайды. 2016 жылы Трамп сонда жеңіске жеткен.