Ссылки доступа

Өзбекстанда 5 қыркүйекте театрлар, кинотеатрлар және мейрамханалар ашылады


Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі республикалық арнайы комиссиясы 5 қыркүйектен бастап бірнеше кәсіптің жұмысына рұқсат береді.

Атап айтқанда, мейрамханалар, кафелер, асханалар мен шайханалар ашылады. Олар тазалық талаптарын сақтауы тиіс:

  • банкеттер мен басқа да адам көп жиналатын шара өткізуге болмайды;
  • үстелдер арасы екі метрден кем болмауы тиіс;
  • бір үстел басында төртеуден көп адам отырмауы керек;
  • қызметшілер медициналық маска мен қолғап киіп жүруі тиіс;
  • ғимаратта дезинфекция заттары тұруы керек, бұған қоса ауаны тазарту жүйесі болуы керек.

Сонымен бірге, елде театрлар мен кинотеатрлар ашылады. Мұнда да тазалық талаптары орындалуы тиіс.

5 қыркүйектен бастап саябақтардағы аттракциондар жұмыс істей бастайды.

Арнайы комиссия жұма, сенбі және жексенбі күндері діни қызметке рұқсат берді.

XS
SM
MD
LG