Ссылки доступа

Тәжікстанда Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шараларға тыйым салынды


Кохир Расулзода, Тәжікстанның премьер-министрі
Кохир Расулзода, Тәжікстанның премьер-министрі

Тәжікстанның COVID-19 вирусына қарсы күрес жөніндегі республикалық штабы Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастыруға тыйым салынатынын мәлімдеді.

Бұл тыйым індеттің кең таралуының алдын алуға бағытталған делінген. Тек саябақтарда адамдар екі метр қашықтықты сақтап қыдыруға болады. Бетке міндетті түрде маска тағуы тиіс.

Тәжікстан Тәуелсіздік күнін жыл сайын 9 қыркүйекте атап өтеді. 70 жыл бойы Совет одағының құрамында болған Тәжікстан 1991 жылы империя құлағаннан кейін, тәуелсіздігін жариялады.

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Тәжікстанда 8619 адамнан коронавирус анықталған. 7413 науқас сауығып, 69 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG