Ссылки доступа

Қазақстандықтарға Зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін алуға рұқсат бермек (видео)


Казахстанцам разрешат забирать деньги из Пенсионного фонда. Как это будет?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00

Қазақстандықтар жақында зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін ала алады. Бұл жөнінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында айтты.

Былтыр Тоқаев президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы жолдауында халықтың зейнетақы қорындағы ақшасын үй сатып алуға, емделуге пайдалануға мүмкіндік берілетіндей механизм ойластыруды тапсырған. Сол кезде үкімет 30 жасқа келген адамдарға, оның ішінде ер адамдардың есеп шотында 6,5 млн теңге (15,5 мың доллар), әйелдерде 10 млн теңге (23 мың доллар) болса, жартысын алуына мүмкіндік беруді ұсынған.

Бірақ бұл жобаны қазақстандықтардың көбі қабылдамады. Енді басқа да жолдары қарастырылып жатыр.

"Мемлекет басшысы жыл соңына дейін барлық қажетті құқықтық шараларды қабылдап, дайындық жұмысты бастауды тапсырды. Қазір алдын ала тұжырым мақұлданды. 721 мың адамға зейнетақы қорындағы ақшасын пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл 1,4 триллион теңгені құрайды", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Бірақ экономист Петр Своик Тоқаевтың бұл идеясын тиімді деп айта алмайды.

"Бес миллион адамнан бар-жоғы 700 мың адам. Бұл 20 процент. Яғни салымшылардың тек төрттен бірі ғана бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Ал қалғаны мұндай жеңілдікке қол жеткізе алмайды", - дейді Петр Своик.

Астана тұрғынының бірі қазір статистика бойынша өте көп адам зейнет жасына жетпей қайтыс болатынын айтады. "Оларға өмірінде бір рет зейнетақы қорындағы ақшасын беруге мүмкіндік беру керек. Емделуге не балаларын оқытуға жұмсасын", - дейді ол.

XS
SM
MD
LG