Ссылки доступа

Харри ханзада мен оның әйелі Меган Netflix сервисімен келісім-шартқа отырды


Харри ханзада мен оның әйелі Меган
Харри ханзада мен оның әйелі Меган

Британ ханзадасы Харри мен оның әйелі Меган Маркл продюсерлік компания құрып, Netflix стриминг сервисімен эксклюзивті келісім-шарт жасасты. Әзірге компания атауы мен келісім құны жарияланбады.

Харри мен Меган деректі және көркем фильмдер түсіріп, балалар бағдарламасын дайындаумен айналыспақ.

Биыл жыл басында олар британдық король отбасының міндеттерін орындаудан бас тартып, қаржылық жағынан тәуелсіз болатынын жариялаған. Жұп баласымен бірге АҚШ-қа көшті.

Меган Маркл америкалық Suits сериалы арқылы танымал. Оның әзірге киноға түсуге жоспары жоқ.

Харри мен Меганның продюсерлік тәжірибелері жоқ. Бірақ Netflix өкілі олардың бірнеше жобаларды жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді. Бұл продюсерлік компания Archewell қайырымдылық қорынан бөлек жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG