Ссылки доступа

Кавасаки синдромы Қырғызстанда тіркелмеді


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі балалар арасында Кавасаки синдромы тіркелмегенін айтып, елді дүрбелеңге түспеуге шақырды.

Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 2 қыркүйекте сарапшылардан тұратын жұмыс тобы балалар арасында коронавирус жұқтырғандарды емдеу мен алдын алу шаралары бойынша жиын өткізді.

COVID-19 індетімен байланысқан вирустың балалар арасында кездесіп жатқаны туралы осыған дейін Медициналық институттың педиатрия кафедрасының басшысы Венера Шүкүрова мәлімдеген.

Қазір коронавирусты емдеудің клиникалық протоколының төртінші варианты бекітілген. Балалар арасында індетті анықтау және емдеу бойынша іс-әрекеттер де осы қаулыға кіргізілген.

Шүкүрова күз-қыс мезгілінде індеттің барлық түріне қарсы күресуге дайын болуы керек екенін ескертті.

АҚШ және Еуропада балалардан табылып жатқан белгісіз аурудың коронавирусқа қатысы бар екені айтылған. Америкалық педиатрлар бұл індеттің белгілері Кавасаки ауруына ұқсас екенін айтқан.

Қырғызстанда соңғы мәлімет бойынша, 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтырған 1120 жағдай тіркелген. 1 жасқа дейінгі 117 сәби, 5 жасқа дейінгі 354 баладан және 14 жасқа дейінгі 649 жасөспірімнен коронавирус анықталған.

XS
SM
MD
LG