Ссылки доступа

Қырғызстаннан барған өзбекстандықтар карантинге жатқызылмайды


Соңғы 72 сағат ішінде ПЧР анализ тапсырғанын және таза екенін анықтайтын қағазы бар азаматтар Қырғызстаннан Өзбекстанға барғанда, карантинге алынбайды. Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Қырғызстанға барып, басқа өлкелерге шықпаған өзбекстандықтар еліне қайтқанда карантинге жатқызылмайды.

1 қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Достук", "Кызыл-Кыя" және "Маданият" шекара бекеттері ашылып, екі ел азаматтары бұрынғыдай еркін қатынай бастады.

XS
SM
MD
LG