Ссылки доступа

Ферғана басшысын қызметтен алуды сұраған видеоблогер қамаудан шықты


Өзбекстанның Ферғана облысы Сох ауданындағы видеоблогер Хайдаржон Бобохайдаров (Дадахон Хайдаров) қамаудан шықты. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

Хайдаржон Бобохайдаров биыл 22 тамызда Сох ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталған.

Оның әкесі Шерали Эралиев блогердің басына қап кигізіп, тікұшақпен алып кеткенін айтқан.

1 маусымда Ферғана облысының прокуратурасы Сох ауданындағы тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс қозғады. Алты күдікті ұсталды.

Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметі бойынша, 22 жастағы Хайдаржон Бобохайдаров пен 28 жастағы Дилмурод Махбубов бұл істе күдікті ретінде тіркелген.

Еске салайық, биыл 31 мамырда Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы Сох эксклавында жанжал болды. Өзбекстандық "Чашма" ауылының тұрғындары мен қырғызстандық "Чечме" ауылының тұрғындары төбелесті.

1 маусымда Сох ауданына Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов барды. Үкімет басшысының халықпен кездесуінде сөйлеген блогер Дадахон Хайдаров Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиевті қызметтен алуын сұраған.

XS
SM
MD
LG