Ссылки доступа

Тәжікстан халық-демократиялық партиясы Эмомали Рахмонды президенттікке ұсынды


Президент Таджикистана Эмомали Рахмон

Тәжікстан халық-демократиялық партиясы қазіргі президент Эмомали Рахмонды президент сайлауына қатысатын кандидат ретінде ұсынды. Партия мұндай шешімді 3 қыркүйектегі съезде қабылдаған.

Партияның орталық атқару комитеті аппарат жетекшісі Абдурахмон Хоновтың хабарлауынша, съезге 1 мыңнан астам адам қатысты. Күн тәртібінде президенттікке үміткерді ұсыну және оның бағдарламасы қаралған.

Тәуелсіз ақпарат құралдарының журналистерін бұл шараға кіргізбеді.

Тәжікстан халық-демократиялық партиясы 1994 жылы желтоқсанда құрылды. 1998 жылы президент Эмомали Рахмон осы партияның жетекшісі болып сайланды.

Тәжікстанда президент сайлауы 11 қазанда өтеді. Эмомали Рахмон республиканы 28 жыл бойы басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG