Ссылки доступа

Қырғыз парламентінің депутаттары 2 қазанға дейін отырыс өткізбейді


Жогорку Кенеш депутаттары жаңа парламенттің сайлауына дейін отырыс өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Сайлау қарсаңындағы бір айда олар сайлаушылармен кездеседі. Жогорку Кенеш спикері Дастанбек Жұмабеков осындай ұсыныс жасаған.

"4 қыркүйекте үгіт-насихат басталатынын, 4 қазанда сайлау өтетінін білесіздер. Осы аралықтағы бір айда сайлаушылармен кездесу өткізу туралы ұсыныс түсті. Депутттардың дені сайлауға түседі. Парламентте жоқ партиялар да бар. Барлығына тең мүмкіндік жасау үшін сайлаушылармен кездесуге шығуды ұсынамын", - деді спикер.

Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өтеді. 4 қыркүйекте үгіт-насихат басталады.

XS
SM
MD
LG