Ссылки доступа

Михаил Ефремов жол апатына кінәлі екенін сотта мойындады


Михаил Ефремов

Ресей әртісі Михаил Ефремов жол апатына кінәлі екенін сотта мойындады.

"Мен бірнеше күн ұйықтамадым. Кінәмді мойындаймын", - деп мәлімдеді Ефремов. Одан соң сотталушыға сөз берілмеді, деп хабарлады "Медуза" тілшісі.

Тараптардың сөзжарысында прокурор Ефремовтің жол апатына кінәлі екенін дәлелденді деді. Бүгін айыптаушы тарап соттан күдіктіге қандай жаза тағайындалуы керектігін айтады.

Михаил Ефремов қатысы бар жол апаты 8 маусымда болды. Апаттан жүк көлігінің жүргізушісі Сергей Захаров қаза тапты. Тергеу мәліметі бойынша, Ефремов мас болған. Оны 12 жылға колонияға отырғызуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG