Ссылки доступа

Лукашенко күш құрылымдарының басшыларын ауыстырды


Валерий Вакульчик

Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы Валерий Вакульчикті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындады.

МҚК басшысы болып Мемлекеттік бақылау комитетінің жетекшісі Иван Тертель тағайындалды. Бұл туралы БелТА агенттігі хабарлады.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығы қызметінен алынған Андрей Равковқа жаңа қызмет берілген-берілмегені әзірге белгісіз.

Беларусь саяси дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Оппозиция президенттің қызметтен кетуін және жаңа сайлау өткізуін талап етіп отыр. Лукашенко билікті ешкімге бермейтінін мәлімдеді.

Республиканың ірі қалаларында наразылық акциялары үнемі болып тұрады. Минск қаласындағы акцияға 200 мыңға жуық адам жиналды.

Генерал-лейтенант Равков Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне биыл қаңтарда тағайындалған, бұған дейін ол алты жыл қорғаныс министрлігін басқарған.

XS
SM
MD
LG