Ссылки доступа

Өзбекстанда мектептерді антисептик және қол жуғышпен қамтамасыз ету мұғалімдерге жүктелген


Коронавирус пандемиясы тұсында жаңа оқу жылы басталған кезде, мектеп мұғалімдеріне әрбір сыныпты антисептик және ауыспалы қол суғыш заттарымен қамтамасыз ету тапсырылған.

Бұл жөнінде Ташкент облысының мұғалімдері Азаттықтың өзбек қызметіне хабарлап, шағымданған. Атап айтқанда, Нурафшон қаласының №4 орта мектебінің мұғалімі өзінің сыныбын жаңа оқу жылына дайындау үшін, қалтасынан 50 доллар жұмсаған.

– Президент әкімдерге тапсырды. Бірақ бұл бұйрықты орындау мұғалімдерге жүктеліп жатыр. Біз 300 мың сумға (30 доллар) қол суғыш сатып алдық. Қол жуғыш әрбір сыныпта болу керек деп ескертті. Жарты литр антисептик 20 мың сум (2 доллар) тұрады. Бұл үш күнге жетеді. Сонымен бірге бірреттік пайдаланатын дымқыл орамал сатып алдық, – дейді мұғалім.

Дәл осындай жағдай Ташкентте және Өзбекстанның басқа облыстарында да кездеседі. Әндіжан, Ферғана және Жызақ облыстарында да санитарлық құралдарды мектеп мұғалімдері мен ата-аналар өздері сатып алып жатыр.

29 тамызда ел президенті Шавкат Мирзияев онлайн жиналыс өткізіп, жергілікті билік өкілдеріне оқу орындары мен мектептердің санитарлық талаптарға сай болуын тапсырған.

25 тамызда Өзбекстанның халықтық білім беру министрі Шерзод Шерматов мектептерге ай сайын санитарлық құралдар жеткізіліп тұратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG