Ссылки доступа

Тәжікстанда бір жылда 13 мың компания жабылған (видео)


Тәжікстанда ресми мәлімет бойынша жыл басынан бері 13 мың шағын кәсіп жұмысын тоқтатты.

Оның ең басты себебі – салықтың жоғары болуы: Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, кәсіпті жеңіл бастау жағынан Тәжікстан 190 мемлекеттің ішінде 183-орында тұр. Бұл жағдайды коронавирус пандемиясы одан сайын төмендеткен.

В Таджикистане за год закрылись 13 тысяч компаний. Почему это произошло?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:37 0:00

Кәсіпкер Шер Джурабаев Душанбеде тұрады. Оның жеке жарнама агенттігі, радиостанция, шаштараз, фитнес-клубы бар. Соңғы уақытта жаңа бастаған бірнеше стартап пен кәсібін жапқан. Ол мұның басты себебін салықтың жоғарылығынан көреді.

Экономикалық шолушы Фаредун Ходизода да жаңа кәсіп бастаушылар үшін салықтың жоғарылығы кедергі келтіреді деп есептейді. Ал бұл коррупцияның өршуіне басты себеп болып отыр дейді.

Сарапшылар Тәжікстандағы салық саясатын түбірімен өзгертпесе, дағдарыс өрши түседі дейді.

Билік жаңадан салық кодексін әзірлегенін мәлімдеді. Бірақ кәсіпкерлер биліктің кәсіпті дамытуда нақты жоспары болмай, жаңа кодекс жұмыс істемейді дейді.

XS
SM
MD
LG