Ссылки доступа

Өзбекстанда жасанды тыныс алу аппараты істен шығып, төрт науқас қайтыс болды


Ташкент облысының Бекабада ауруханасында коронавирус жұқтырып, өкпесі қабынып, жасанды демалдыру аппаратына қосылған төрт науқас бір күнде қайтыс болды.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, науқастар оттегі таусылғандықтан респиратор баллоны жарылып, қайтыс болған.

Жеке қауіпсіздігі үшін аты-жөнін айтуды жөн көрмеген марқұмның бірінің туысы 25 тамызда жасанды тыныс алу аппараты дұрыс іске қосылмай жарылған дейді.

"Жақында ғана бас дәрігер менің апамның жағдайы жақсы екенін айтты. Келесі күні қоңырау шалып, баллонға оттегі дұрыс құйылмай, аппарат жарылды деп хабарлады. Соның салдарынан 63 жастағы апам қайтыс болды. Онымен қоса жасы 60-тан асқан үш әйел қайтыс болды", - дейді марқұмның туысы.

Бекабада қалалық прокуратурасы бұл іс бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Өзметкомбинатқа" тиесілі аурухана сәуір айында коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған әлеуметтік емханаға айналған. Ауруханаға тыныс алу аппараттары Ресейден жеткізілген.

XS
SM
MD
LG