Ссылки доступа

Қырғызстанда коронавирустан қайтыс болған 18 дәрігердің туыстарына миллион сомнан өтемақы төленді


Қырғызстанда коронавирустан қайтыс болған 18 дәрігердің отбасына 1 млн сомнан ($12,7 мың) өтемақы төленді. Бұл туралы 4 қыркүйекте денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нурболот Усенбаев хабарлады.

"Барлығы 34 оқиға қаралады. Дәрігер өлімі тіркелген мекемелердің барлығында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", - деді Усенбаев.

Бұның алдында штаб республика бойынша 30 шілдеге дейін коронавирустан 73 медицина қызметкері, соның ішінде 44 дәрігер қайтыс болғанын хабарлаған.

Бір тәулікте елде тоғыз медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы коронавирус пандемиясы кезінде республикада 3145 медицина қызметкері вирус жұқтырды, олардың 2533-і жазылып шықты.

Бұның алдында қырғыз үкіметі коронавирус жұқтырған медицина қызметкеріне 200 мың сом ($2,5 мың), коронавирустан қайтыс болған дәрігердің туыстарына 1 млн сом ($12,7 мың) өтемақы төлеуге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG