Ссылки доступа

ОСК "Бутун Кыргызстан" партиясын тіркеуден бас тартты


Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы "Бутун Кыргызстан" партиясын парламент сайлауына қатысушы ретінде тіркеуден бас тартты.

3 қыркүйекте ОСК-ның жұмыс тобы "Бутун Кыргызстан" партиясын тіркемеу туралы кеңес берді. Партия кандидаттар тізімін жасауда ереже бұзған. Комиссия мүшелері жиналыста жұмыс тобының ұсынысын ұзақ талқылап, шешімді дұрыс деп таныды. "Бутун Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров "ОСК саяси шешім қабылдады" деп мәлімдеді.

Жұмыс тобының "Бутун Кыргызстан" партиясына қатысты шешіміне Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі ‒ Кайрат Осмоналиев пен Атыр Абдрахматова қарсы шықты.

"Бутун Кыргызстан" партиясы Орталық сайлау комиссиясының әрекетін "саяси шешім" деп атап, сотқа шағымданатынын мәлімдеді
XS
SM
MD
LG