Ссылки доступа

Өзбекстан фармацевтері үкіметтің дәрігерлерге дәріхана ашуға рұқсат беруіне наразы


Өзбекстан үкіметі фармацевтерге ғана емес, жоғары білімі бар медицина қызметкерлеріне де дәріхана ашуға рұқсат береді. Фармацевтер үкіметтің мұндай жоспарын "қателік" деп атады.

"Медицина қызметкерлеріне фармацевт қызметін атқаруға лицензия беру - үлкен қателік. Біз сізден Өзбекстанның фармацевтикасын құтқару үшін көмек күтеміз, сізге сенеміз" деп жазды өзбек фармацевтері президент Шавкат Мирзияевқа.

Мемлекет басшысына арналған үндеу өзбекстандық фармацевтердің Telegram-арнасында жарияланды.

Өзбекстандық дәрігерлер жекеменшік дәріхана аша алатыны туралы ақпарат өткен аптада пайда болған. Осындай мәлімдемені әділет министрлігінің өкілі 25 тамызда өтен баспасөз конференциясында жасаған.

Министрлік дайындаған заң жобасы regulation.gov.uz порталында жарияланады. Жоба қоғам талқылауына әлі шығарылған жоқ.

Өзбекстан фармацевтерінің Telegram-арнасында жариялаған мәліметіне қарағанда, елде 14 409 дәріхана жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG