Ссылки доступа

Жас адвокат Тәжікстан президентін сайлауға түскісі келеді


Faromuz Ergashev

Тәжікстанда Хорог қаласының жас адвокаты 11 қазанда өтетін президент сайлауына түсуді жоспарлап отыр.

Фаромуз Иргашев әлеуметтік желілерде видеоүндеу жариялап, өз атынан президент сайлауына түсетінін мәлімдеді.

Жас адвокат 35 мың жақтасының қолын жинаған. Тәжікстанда мемлекет басшысы қызметіне 30 жасқа толғандар таласа алады.

Фаромуз Иргашев 30 жаста, 2015-2020 жылдары Таулы Бадахшан автономиялы облысы Мәжілісінің депутаты болған. Биыл наурызда ол Тәжікстан парламентінің төменгі палатасына депутат болып сайлана алмады.

Билік Иргашевті президенттікке кандидат ретінде тіркемесе, жас заңгер БҰҰ-ның тиісті мекемелеріне шағымдануды көздеп отыр. "Мен бәрін ойластырып қойдым. Басқа амалым жоқ. Мен жемқорлықпен күрескім келеді. Мен ешкімнен қорықпаймын", - деп мәлімдеді Иргашев.

XS
SM
MD
LG