Ссылки доступа

Тәуелсіз комиссия Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының ішкі құжаттарын тексеріп жатыр


Тәуелсіз комиссия Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясымен күресте қолға алған шараларының қаншалықты тиімді екенін бағалау үшін ұйымның ішкі құжаттарын тексеріп жатыр.

"ДДСҰ қалаған құжатты көруге болатынын білдірді", - деп мәлімдеді Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі Хелен Кларк. Ол Либерияның бұрынғы президенті Эллен Джонсон-Серлифпен бірге тәуелсіз комиссияға жетекшілік етеді.

Комиссияға тағы 11 адам кірген. Топтың мақсаты - ДДСҰ-ның әрекеттеріне баға беру.

Бұның алдында АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын "пандемия енді басталғанда дұрыс басқара алмады" деп сынаған. "Комиссия ДДСҰ мен ұлттық үкіметтер қалай тиімді әрекет ету керектігін анықтауы тиіс", - деді Кларк.

Тәуелсіз комиссияның қорытынды баяндамасы 2021 жылы мамырда жарияланады.

XS
SM
MD
LG