Ссылки доступа

"Бүтүн Кыргызстан" партиясы ОСК шешімін сотқа берді


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) шешіміне қарсы "Бүтүн Кыргызстан" саяси партиясының шағымы 7 қыркүйекте Бішкек қалалық сотында қаралады. Бұл туралы партияның лидері Адахан Мадумаров 6 қыркүйекте онлайн баспасөз мәслихатында айтты.

"Біз үш күннен бері Қырғызстандағы ең мықты деген заңгер, адвокаттармен жиналыс өткізіп, "Бүтүн Кыргызстан" партиясын тіркемей қойғанына еш себеп таппадық. Конституция бойынша да, Сайлау кодексінде де ешқандай сөз жоқ. Ешқандай себеп жоқ. Бұл жағдайға тек ОСК кінәлі", - деді Мадумаров.

ОСК Адахан Мадумаровтың бұл мәлімдемесіне комментарий бермеді.

Орталық сайлау комиссиясы 3 қыркүйекте сайлауға 15 саяси партияны үміткер ретінде тіркеген. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен "Актив" және "Бүтүн Кыргызстан" саяси партиялары сайлауға қатысу құқығынан айырылған.

"Бүтүн Кыргызстан" ОСК шешімін "саяси шешім" деп бағалап, сотқа өтініш түсірген.

Қырғызстанда парламентке депутаттарды сайлау 4 қазанда өтеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы 4 қыркүйекте басталған.

XS
SM
MD
LG