Ақпаратқа қарағанда, мұндай шешім 6 тамызда Тәжікстанды COVID-19 жұқтырып алу қауіпі жоғары елдердің қатарына кіргізген АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығының ұсынысынан кейін қабыл алынды.
Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, елде COVID-19 жұқтырып алғандар 8750-ге жетіп, 70 науқас қаза болған. Бірақ бірқатар сарапшылар билік ресми мәліметтерді бұрмалап отыр, көз жұмғандар саны көп деген пікір білдіріп келеді.