Ссылки доступа

Өзбекстанның салық жүйесінде жаппай қысқарту болып жатыр


Өзбекстанның кейбір облыстары мен аудандарында салық инспекциясының қызметкерлері "жаппай қысқарту" болып жатқанын естіген. Қашқадария, Сұрхандария және Наманган облыстарында штатты қысқарту басталып кеткен.

Жұмыстан қысқарған қызметкерлердің айтуынша, "жаппай қысқарту" кезінде еңбек заңдары бұзылған.

Қашқадария облысы Миришкор ауданы салық инспекциясының бір инспекторының хабарлауынша, бөлімдегі қырық адамның жартысы қысқартуға ұшыраған.

– 2 қыркүйекте біздің бөлімнің 18 қызметкеріне айлық жазбаған. Бухгалтерге шағымданғанымызда, ол бізге жұмыстан қысқартылдыңдар деп айтты. Бізге айтпаған. Қысқартылғандардың дені Салық академиясында оқыған. Жұмыста орташа арнайы білімі барлар ғана қалды", – деді бұрынғы салық инспекторы.

Өзбекстанның салық жүйесіндегі 12 мың қызметкердің қаншауы қысқартылып, қаншауы жұмыста қалатыны әзірге белгісіз.

Биыл мамыр айында Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы қызметіне Шерзод Кудбиев тағайындалды. Бұған дейін ол еңбек министрі қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG