Ссылки доступа

"Брешна": Душанбе Ауғанстанға электр қуаты экспортын арттыруға уәде берді


Тәжікстан билігі Ауғанстанға экспортталатын электр қуатын арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы "Брешна" ауған энергетика компаниясы хабарлады. Тәжіктің "Барки точик" холдингі бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.

"Брешна" ауған компаниясының кеңесшісі Муджтаба Хушманд 5 қыркүйекте Тәжікстан билігі Ауғанстанға экспортталатын электр қуаты көлемін арттыратынын хабарлаған.

"Барки точик" холдингі 27 шілдеде Ауғанстанға экспортталатын электр қуаты көлемін қысқартқан. Себеп - Вахш өзені суының азаюы. Бұл туралы компания басшысы Мирзо Исмоилзода мәлімдеді. Оның айтуынша, тәжік билігі 16 шілдеде Өзбекстанға экспортталатын электр қуаты көлемін қысқартқан.

Шілде айында "Брешно" ауған компаниясы Тәжікстан электр қуаты экспортын 90 пайыз қысқартқанын растаған. Бұған дейін Тәжікстан Ауғанстанға күнде 320 МВт экспорттап келген. Қазір 40 МВт қана экспортталады.

Бұған дейін хабарланғандай, Ауғанстанның Кабул, Нангархар, Лагман, Лугар, Пактика, Парван, Панджшер, Каписа және Баглан провинциясы Тәжікстан электр қуатын пайдаланып отыр.

XS
SM
MD
LG