Ссылки доступа

Қырғызстанда сайлау қарсаңында қару сататын дүкендер жабылады


Қырғызстанның құқық қорғау органдары сайлауалды үгіт-насихаттың басталуына байланысты азаматтардың қаруын тексеріп жатыр.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламент сайлауына дайындық және оны өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қару құжаттары тексеріледі.

"Қару алып жүру, пайдалану және сақтау құжаттарын беру уақытша тоқтайды. Бірнеше күннен соң республикада қару сататын дүкендер уақытша жабылады" деп хабарлады министрлік.

Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау биыл 4 қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы 3 қыркүйекте сайлауға қатысатын 15 партия мен олардың 1912 кандидатын тіркеді.

XS
SM
MD
LG