Ссылки доступа

Түркіменстанда "қауіпті жұқпалы аурулардан" емделуден бас тартқандарды түрмеге отырғызады


Түркіменстан билігі республиканың Қылмыс кодексіне өзгерту енгізді. Енді "қауіпті жұқпалы аурулардан" емделуден жалтарғандар немесе ауруханадан қашқандар екі жылдан бес жылға дейін сотталады.

Жаңа заң ережесі түркімен ақпарат құралдарында жарияланды.

Құжатқа Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов биыл 22 тамызда қол қойды, деп хабарлады республикалық БАҚ.

Соған қарамастан, Түркіменстан билігі елде коронавирус тіркелген жоқ деп мәлімдеп отыр. Ал көптеген қалада карантин шектеулері енгізілген.

Түркімен билігі республикада коронавирус жұқтырған науқастар туралы мәліметтерді жоққа шығарып отыр.

Елдегі ауруханалар толып қалған, медицина қызметкерлерін екі аптаға карантин аймағына жіберіп жатыр, мәйітханалар мәйітті арнайы қапқа салып береді, зираттарда жаңа молалар көбейді, деп хабарлады Азатлык радиосы.

XS
SM
MD
LG