Ссылки доступа

Өзбекстанда шамамен 330 мектепте сабақ басталды


Өзбекстандағы 329 мемлекеттік мектепте 7 қыркүйектен бастап сабақ басталды. Бұл туралы Халық білімі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"5 қыркүйекке дейін Санитария және эпидемиология орталығы мектептердің сабаққа дайындығын тексерді. Мектептерге оқушы қабылдауға рұқсатты жергілікті халық кенгашының депутаттары Орталық кеңесіне сүйеніп қабылдайды" делінген министрлік ақпаратында.

Министрліктің баспасөз қызметі мемлекеттік мектептерде жаңа оқу маусымы 14 қыркүйекте басталатынын ескертті. Министрлік мәліметі бойынша, елде 9942 мектеп бар.

Еске салайық, 16 наурызда республикадағы мектептер COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн-оқу форматына өтті.

XS
SM
MD
LG