Ссылки доступа

Тәжікстанда түрме басшысы тағы да ауруханаға түсті


Мансурджон Умаров
Мансурджон Умаров

Тәжікстанның әділет министрлігі жанындағы қылмыстық жазаны атқару мемлекеттік басқармасының басшысы Мансурджон Умаров ауруханаға түсті. Душанбедегі "Истиклол" медициналық орталығындағы дереккөз оның ауруханада жатқанын растады.

"Мансурджон Умаров 5 қыркүйекте асқазанынан қан кетіп ауруханаға түсті. Сенбі күні оның жағдайы бірден ауырлап, жедел жәрдем шақыртқан. Қазір жағдайы бірқалыпты", - деп хабарлайды дереккөз.

Тәжікстан билігі әзірге бұл ақпаратты растамады не теріске шығармады.

Мансурджон Умаров өткен айда пневмониямен ауруханаға түскен.

Мамыр айында Мансурджон Умаровтың ағасы Носир Умаров инфекциялық ауруханада қайтыс болған. Ол "Барки Точик” энергохолдингтің қызметкері болған. Жақындары оның коронавирус жұқтырғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG