Ссылки доступа

Түркия соты өзбек азаматын өмір бойы түрме жазасына кесті


Түркия соты 2017 жылдың 1 қаңтарында Стамбұлдағы "Рейна" түнгі клубына шабуыл жасады деп айыпталған Абдулкадыр Машариповті өмір бойы бас бостандығынан айырды.

Түнгі клубта 39 адам қайтыс болып, 70-ке жуық адам жараланған.

Бұл оқиға үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" террористік тобы мойнына алған. Топ бұл шабуылды түрік әскерлерінің Сирия жанжалына қатысқаны үшін өш алуы деп атаған.

Осыған дейін Стамбұл губернаторы айыпталушы Ауғанстанда радикал жиһадшылардың лагерінде болғанын және Түркияға теракт болардан бір жыл бұрын келгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG