Ссылки доступа

Хорезм басшылары коронавирустың тарауына той жасаушыларды айыптады


Өзбекстанның Хорезм облысының басшысы Фарход Эрманов 7 қыркүйекте өткен жиналыста Багат ауданының бес махалласында бір коронавирусқа тексерілген 79 адамның 48-інен вирус табылғанын айтты.

Эрманов облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына банкет залдарының иелерін кінәлап, махалла төрағалары мен учаскелік инспекторларды қылмыстық жазаға тартуға бұйрық берді.

7 қыркүйекте өткен жиналыста Багат ауданында коронавирустың таралу жағдайы талқыланған. Жиналыста аймақ басшысы Фарход Эрманов аудан тұрғындарының 60 пайызы коронавирус жұқтырғанын айтты. "Әрбір махаллада тұрғындардың 50-60 пайызы коронавирус жұқтырған. Шенеуніктер неге жағдайды бақылауға алмайды? Ішкі істер органдары қайда қарап отыр?" – деді аймақ басшысы.

Еске салайық, 15 тамызда Өзбекстанда карантин талаптарын кезең-кезеңмен жеңілдете бастады. Үйлену тойларын өткізу тәртібі де жұмсарды. Елде 30 адамға той жасауға рұқсат етілді.

Бұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі 6 қыркүйекте Хорезм облысында 479 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлаған. Ал 7 қыркүйектегі жиналыста Хорезм басшысы аймақ мектептеріндегі мұғалімдердің 453-інен вирус табылғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG