Ссылки доступа

Қырғыздың орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына келетін 25 халықаралық бақылаушыны тіркеді


Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы 7 қыркүйектегі жиналыста халықаралық ұйымдардың 25 өкілін халықаралық бақылаушы ретінде тіркеді. Бұл туралы ОСК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың арасында ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюросының 18 өкілі, ТМД миссиясы мен Молдова ОСК өкілдері бар.

ЕҚЫҰ бюросы 4 қазанда өтетін парламент сайлауына шағын миссиясын ғана жолдайды. Миссия өкілдері санаулы ғана сайлау учаскесін аралайды, алайда дауысты санау немесе нәтиже шығару жұмыстарын бақыламайды.

Орталық сайлау комиссиясы Facebook өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Онда әлеуметтік желіде саяси жарнама орналастыру мәселесі талқыланды.

Тараптар тыныштық сақтау күні Facebook'те жарнама жариялауға тыйым салу мәселесін де сөз етті. Facebook өкілдері мұндай жаңа саясатты АҚШ қана қолданғанын, бірақ Қырғызстан ұсынысын тыңдауға дайын екенін айтты.

Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау 4 қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы оған қатысатын 15 партияны тіркеді.

XS
SM
MD
LG