Ссылки доступа

Өзбекстан шілде айында алтын саудасынан әлемде алдыңғы орынға шықты


Биыл шілдеде Өзбекстан алтын саудасынан әлемде алдыңғы орынға көтерілді. Дүниежүзілік алтын жөніндегі кеңестің (WGC) хабарлауынша, шілдеде республика 11,6 тонна алтын сатқан.

Моңголия алтын саудасы бойынша екінші орын алды. Бұл ел шілдеде 6,1 тонна алтын экспорттаған.

Бұл айда Ресей мен Германия жарты тонна алтын сатқаны мәлім болды.

Түркия алтын сатып алудан (19,4 тонны) шілде айында әлемде бірінші орын алды. Катар 3,1 тонна, Үндістан 2,8 тонна, Қазақстан 1,9 тонна және Украина 300 кг алтын сатып алған.

World Gold Council (WGC) мәліметіне қарағанда, шілде айында алтынның бір граммы орташа есеппен 58 доллардан сатылды. Қазір алтынның құны - шамамен 62 доллар.

XS
SM
MD
LG