Ссылки доступа

Ресейде спортшы Чуев өліміне қатысты істе тәжік азаматтарына тағылған айып жеңілдетілді


Атлет Сергей Чуев өліміне қатысты істеге алты тәжікстандыққа тағылған айып жеңілдетілді. Қайғылы оқиға өткен жылы 8 маусымда Мәскеуде болған.

Тәжікстанның алты азаматы "кісі өлтірді" деген айыппен ұсталған. "Қазір ұсталған тәжікстандықтарға "бұзақылық" және "кісіні ұрып-соғу" баптары бойынша айып тағылған", - деп хабарлады күдіктілердің бірінің адвокаты Игорь Кайдан.

Мәскеудің тергеу органдары атлет Сергей Чуев Мәскеу саябағындағы көпірде бір қызбен қыдырып жүргенде бір топ тәжік азаматына ескерту жасағанын, соңы төбелеске ұласқанын хабарлаған. Соның салдарынан спортшы көпірден суға құлап, тұншығып өлген.

Алайда оқиға куәгерлері Сергей Чуевтің өзі жас жігіттерді жекпе-жекке шақырғанын айтқан. Өзі бастаған төбелес кезінде ол суға құлап кеткен. Бірақ оны саябақтағылардың ешқайсысы құтқаруға асықпаған, дейді адвокат.

Күдіктілер бір жылдан бері қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG