Ссылки доступа

Өзбекстан премьер-министрі Тәжікстанға барады


Абдулла Арипов

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов өзбек үкіметі салған мектептің ашылуына қатысу үшін Тәжікстанға барады. Бұл туралы "Азия-Плюс" басылымы Тәжікстанның Соғды облыстық әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Облыстың Спитамен ауданында 640 оқушыға лайықталған мектеп салу туралы келісімге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 2018 жылдың мамыр айында Тәжікстанға барған сапары кезінде қол қойылған.

Әзірге мектептің ашылуына арналған іс-шара қашан өтетіні белгісіз. Агенттік бұл мәлімет кейінірек дипломатиялық каналдар арқылы жарияланатынын жазды.

Өзбек тарабы мектептен тысқары Тәжікстанның Хатлон облысындағы Кубодиён ауданына 200 орынға арналған аурухана салып жатыр.

Тәжікстан болса Самарқанд қаласында 640 оқушыға арналған мектеп салуға уәде еткен. Бұдан бөлек Ферғана облысының Риштан ауданына балабақша салу жөнінде ниетін білдірген.

XS
SM
MD
LG