Ссылки доступа

Петербургтан Хорезмге 220 өзбекстандық ұшақпен жеткізілді


8 қыркүйекте Санкт-Петербургтан Ургенч қаласына 220 өзбекстандық арнайы чартерлік рейспен жеткізілді. Бұл туралы Хорезм облыстық көлік басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Отанына оралған өзбекстандықтар кемінде он күнге карантинге жатқызылады.

Баспасөз қызметтің мәліметіне қарағанда, Мәскеу мен Санкт-Петербургтан Хорезмге төрт чартерлік рейс ұшырылып, жалпы 840 азамат жеткізілген.

Бұдан бөлек 8 қыркүйекте Ростов-на-Дону қаласынан Ташкентке 940 өзбекстандық азамат пойызбен жөнелтілген.

Өзбекстанның аталған қаладағы бас консулы Рустам Курганбаев жақында 3 мың өзбек азаматы еліне жөнелтілетінін хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін Өзбекстанға алты ұшақ ұшып, екі пойыз жүрген.

7 қыркүйекте Ресейдің Самара облысы Кинель қаласының жанында 3-4 мың өзбекстандық жиналып, Қазақстан шекарасының ашылуын күтіп жатқаны хабарланған.

Тамызда Өзбекстанның көлік министрлігі Орынбор мен Самара облыстарындағы орыс-қазақ шекарасына жақын жерге топталған өзбекстандықтарды мекеніне қайтару ісі басталғанын білдірген.

XS
SM
MD
LG