Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі тұмауға қарсы 221 млн сомға вакцина сатып алды


Қырғыз үкіметі тұмауға қарсы 700 мың доза вакцина сатып алды. Бұл туралы 8 қыркүйекте үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Екпе сатып алуға 221,5 млн сом бөлінгені мәлім болды. Екпе алғашқы кезекте балалар, мұғалімдер, әлсіз топтар және дәрігерлерге салынады.

Премьер-министр Кубатбек Боронов елде эпидемиологиялық ахуал жақсарды деп айту әзірге ерте екенін, қоғамдық орындарда, білім беру мекемелерінде қабылданған алгоритмдерге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтілгенін жеткізді.

Ресми мәлімет бойынша Қырғызстанда коронавирус эпидемиясы басталған наурыз айынан бері 44 526 адам індет жұқтырып, 40 158 науқас айыққан. 1062 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG