Ссылки доступа

Ресейде энергетика министрінің орынбасары алаяқтық іс бойынша ұсталды


Ресейдің энергетика министрінің орынбасары Анатолий Тихонов 8 қыркүйекте Тергеу комитетіне жеткізіліп, алаяқтық іс бойынша қамауға алынған. Бұл жөнінде "Интерфакс" дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. ТАСС агенттігі де ақпаратты растайды.

"Тихонов күдікті ретінде сұрауға алынып, РФ Қылмыстық кодекстің 91-бабына сәйкес ұсталды. Ол алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен ұсталды" деп жазады агенттік.

"Коммерсант" ақпаратына сәйкес, Тихоновпен бірге Ресей энергетикалық агенттіктің бас директорының орынбасары Игорь Кожуховский және бірнеше шенеуніктер жауапқа алынып жатыр. Кейбір ақпарат көздеріне қарағанда, Кожухов та Тергеу комитетіне жеткізілген.

51 жастағы Тихонов 1999–2003 жылдары Санкт-Петербург әкімшілігінің қаржы комитетін басқарды, кейін бес жыл көлемінде Краснояр губернаторының әкімшілігінде жұмыс істеді. Сосын "Даму және сыртқы экономикалық қызмет" мемлекеттік корпорациясының төраға орынбасары, Энергетикалық агенттіктің бас директоры қызметтерін атқарды. 2019 жылдың шілде айында энергетика министрінің орынбасары болып тағайындалған.

"Коммерсанттың" жазуынша, оның қамауға алынуына сот санкция бермеген. Істі аса маңызды іс бойынша арнайы тергеуші Максим Бакун жүргізіп жатыр: ол осыған дейін инвестор Майкл Калвиге қатысты атышулы істі тергеген. Тергеу мәліметі бойынша, Тихонов 2014 жылы қабылданған 2013–2015 жылдарға арналған "Энергия тиімділігі және энергетикалық даму" мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаржынының ұрлану ісі бойынша күдікке алынған.

XS
SM
MD
LG