Ссылки доступа

Сох ауданының оннан астам тұрғынын милиция бөліміне тергеуге шақырды


5-6 қыркүйекте Өзбекстанның Ферғана облысы Сох ауданының "Новобод" махалласындағы оннан астам жігітті аудандық милиция бөліміне тергеуге шақырды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, тергеу кезінде олардан ауыл тұрғындарына қарсы куәлік етуді талап еткен, кем дегенде екі жігітке күш қолданылған. Алайда аудан әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Еске салайық, биыл 31 мамырда өзбек-қырғыз шекарасында екі ауылдың тұрғындары қақтығысып қалды. Жанжалға екі жақтан мыңнан астам адам қатысты.

– Көршімді милицияға шақырды. Оны досымен бірге аудандық милиция бөліміне қамап қойды. Бөлімшеде "Новобод" махалласының тағы 10-15 тұрғыны болған. Тергеуші көршіден кімге тас лақтырғанын сұраған. Ол ешкімге тас лақтырмағанын айтқан, сосын оны жертөледе ұрған, - Сох ауданының бір тұрғыны.

Еске салайық, Сох ауданындағы жанжалдан үш ай өткен соң, 22 тамызда жергілікті тұрғындарды тұтқындау басталды. Оларға "жапай тәртіпсіздікке қатысты" деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG