Ссылки доступа

Тәжікстан Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр


"Дворец нации" в столице Таджикистана

9 қыркүйекте Тәжікстан тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтіп жатыр. Биыл мерекеде салтанатты жиындар ұйымдастырылмады.

Республикалық коронавируспен күрес жөніндегі штаб биыл үлкен жиындарға тыйым салған. Тәжік билігі коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалып жатыр.

29 жыл бұрын, 1991 жылы 9 қыркүйекте Тәжікстан Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында мемлекеттің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.

Тәуелсіздігін жариялаған Тәжікстанда көп уақыт өтпей азаматтық соғыс басталды. Соғыс бес жылға созылды. 150 мың адам қаза тапты, бір миллионға жуық адам босып кетті.

XS
SM
MD
LG