Ссылки доступа

Наманганда екі жігітті ұрған қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды


Наманган облысында 30 және 33 жастағы екі жігітті ұрған 23 жастағы Г.А. есімді қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өзбекстан ІІМ Тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Г. А. 25 маусымда сағат 17:30 шамасында Нарын ауданы тұрғындарының басқосуында 33 жастағы У.А. есімді азаматты ұрған. Одан соң қыз оларды ажыратуға талпынған 30 жастағы А. Н.-ға қол көтерген", – делінген департамент таратқан ақпаратта.

Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, таксимен келе жатқан жігіттер жолда бір қызға назар аударған. Қыз ортаңғы саусағын көрсетіп, оларды балағаттаған. Жігіттер де бейпіл сөздермен жауап беріп, кетіп қалған. Алайда қыз таксимен оларды қуып жетіп, жігіттерді ұрған.

Нарын ауданы милициясының тергеу бөлімі "бұзақылық" бабы бойынша іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG